Өрлеу

Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент: сапаны бағалаудан басқарушылық шешімдер қабылдауға дейін

Preschool education and training

from 12 000 ₸

Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым басшыларының заманауи білім беру менеджменті, білім беру сапасын ішкі бағалау жүйесін ұйымдастыру, стратегиялық жоспарлау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада деректерге негізделген басқару (data-driven management), білім беру ортасының сапасын жетілдіру және мектепке дейінгі білім беру ұйымының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Курс барысында тыңдаушылар білім беру сапасының ішкі мониторингін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгереді, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелерін талдауды, мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы мен басқарушылық шешімдерін әзірлеуді, сондай-ақ деректерді талдау, жоспарлау және басқару тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды үйренеді.

  • Target audienceмектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары
  • LanguageҚазақша
  • FormatКүндізгі / Қашықтықтан / Аралас
  • Hours36/72
  • Year of development2026 ж.
  • Valid until2029 ж. маусым
  • Course codeMTMED
  • Approved№237, 09.07.2026 ж.
Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент: сапаны бағалаудан басқарушылық шешімдер қабылдауға дейін — Өрлеу