Мектеп түлектеріне эссе жазуды үйрету тәжірибемізден

Көмекші оқу әдістемелік құрал сауаттылықтың басты өлшемі болып табылатын – мектепте эссе жазуды үйретуге арналған. Еңбек эссе туралы әдеби теориялық білімдерді қарастырады. Эссе түрлері жөнінде жалпылама түсінік беріліп, әдеби эссенің әр түрінің жазылу жолы кеңірек қарастырылып, практикалық жағынан жан-жақты көрсетілген. Авторлар құралдың соңына қарай эссені бағалауда қойылатын талаптарға тоқталады.
Көмекші оқу әдістемелік құрал мектеп түлектерінің, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пайдалануына ұсынылады.