Топтық жұмыстарда интербелсенді әдістерді қолданудың рөлі

Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне оқу-тәрбие үдерісінде топтық жұмыс барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануына арналған. Топтық жұмыста оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға, бір-бірін оқыту арқылы білім алуына жағдай жасауға, құнды идеяларымен алмасуға бағытталған әдіс-тәсілдер үлгілері берілген. Нұсқаулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне және білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне ұсынылады.