+7 (7172) 55 87 82

M

18.08.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ тұрғын емес үй-жайды мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша конкурс өткізу туралы

Конкурс мәні: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 150/230, т.е.ү. 935 («Гаухартас» тұрғын үй кешенінің үш қабатты ғимаратының үшінші қабатында) мекенжайында орналасқан, ішкі әрлеусіз (черновой) тұрғын емес үй-жай.

Жалпы ауданы: 307,0 (үш жүз жеті) шаршы метр.

Жалға алу төлемінің мөлшері: 1 шаршы метр үшін айына ҚҚС-сыз 2 942 (екі мың тоғыз жүз қырық екі) теңге. Жалға алу төлемі ай сайын төленеді.

Үй-жайды нысаналы пайдалану: жөндеу-әрлеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін тұрғын емес үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдалану.

Конкурсқа қатысушылар: конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.

Конкурс жеңімпазын анықтау критерийлері:

  • ұсынылатын жалға алу төлемінің мөлшері;
  • үй-жайды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
  • өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі;
  • конкурс құжаттамасында көзделген өзге де критерийлер.

Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері: конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 19 тамыздан бастап 27 тамызға (қоса алғанда) дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық к-сі 18, 22-қабат, «Москва» БО.

Конкурсты өткізу күні, уақыты мен орны: 2026 жылғы 28 тамыз күні сағат 10.00-де, мына мекенжай бойынша: Астана қ., Достық к-сі 18, 22-қабат, «Москва» БО.

Конкурсқа қатысу тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде басшының немесе уәкілетті өкілдің қолы қойылған және мөрмен (бар болса) бекітілген жазбаша нысандағы өтінімді ұсынады. Құжаттар жабық конвертте беріледі.

Өтінімде мыналар көрсетіледі:

  • әлеуетті жалға алушының толық атауы (Т.И.Ә.) және деректемелері;
  • мекенжайын, телефон нөмірін, e-mail қоса алғанда, байланыс деректері;
  • жалға алу объектісін пайдалану мақсаты;
  • жалға алудың қалаулы мерзімі;
  • ұсынылатын жалға алу төлемінің сомасы (белгіленгеннен төмен емес);
  • конкурс шарттарымен және Шарт жобасымен танысқандығын растау;
  • жалға алушыларға қойылатын талаптарды сақтауға дайындығы туралы мәліметтер.

Өтінімге мынадай құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері немесе egov.kz порталы жүйесінен анықтамалар қоса беріледі:

  • құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың / ЖK куәлігінің көшірмесі;
  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама (өтінім берілген күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеген).

Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қаралмайды.

Комиссия өтінімді мынадай жағдайларда қабылдамай тастауға құқылы:

  • шынайы емес ақпарат ұсынылғанда;
  • конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
  • жалға алушының бұрынғы шарттар бойынша берешегі или бұзушылықтары болғанда.

Әлеуетті жалға алушының құқығы бар:

  • конкурс құжаттамасын және түсініктемелерді алуға;
  • объектіні алдын ала қарап шығуға;
  • конкурс басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтінімді кері қайтарып алуға.

Қосымша шарттар:

Конкурс жеңімпазы өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және жалға алу шартының талаптарына сәйкес жалға алынатын тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеуді (соның ішінде үй-жайды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін қажетті инженерлік жүйелерді орнату және пайдалануға енгізу жұмыстарын) жүргізуге міндетті.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Жалға алушыға жалға алу төлемін төлеу бойынша демалыстар (арендные каникулы) беріледі. Бұл ретте коммуналдық қызметтерді, пайдалану шығындарын және өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер Жалға алушыда сақталады.

Байланысатын тұлға: Е. Мелдебеков
Телефон: 8 778 156 61 01

Мүлікті жалға алу шарты – Сілтеме