Конкурс мәні: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі, 71 мекенжайы бойынша орналасқан, таза өңделген жай.
Жалпы ауданы: 47,9 (қырық жеті бүтін оннан тоғыз) шаршы метр.
Жалға алу төлемінің мөлшері: 1 шаршы метр үшін айына ҚҚС-ты қосқанда 3 500 (үш мың бес жүз) ден 5 000 (бес мың) теңгеге дейін. Жалға алу ақысы ай сайын төленеді.
Объектінің қысқаша техникалық сипаттамасы: жай 1950 жылы салынған екі қабатты кірпіш ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Жай жиһазсыз және жабдықсыз жалға беріледі.
Жайда орнатылған:
- 3 пластикалық терезе;
- 3 жылыту радиаторы бар жылыту жүйесі;
- 4 шамнан тұратын электрлік жарықтандыру;
- сумен жабдықтау жүйесі жүргізілген, бұл ретте су тарату нүктесі орнатылмаған;
- қабырғаға орнатылатын кондиционер;
- өрт дабылының датчигі.
Қабырғалары суэмульсиялық бояумен боялған. Едені ағаштан, линолеум төселген.
Жайдың мақсатты пайдаланылуы: тамақтану, дайын өнімді тарату және қажет болған жағдайда жылыту үшін асхана (буфет) ұйымдастыру. Тамақты тікелей жайдың өзінде дайындау көзделмеген.
Конкурс қатысушылары: конкурсқа Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жіберіледі.
Конкурс жеңімпазын анықтау критерийлері:
- ұсынылатын жалдау төлемінің мөлшері;
- жайды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
- өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі;
- конкурс құжаттамасында көзделген өзге де критерийлер.
Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 20 тамыздан бастап 27 тамызды қоса алғанда мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық к-сі, 18, 22-қабат, «Москва» БО.
Конкурсты өткізу күні, уақыты мен орны: 2026 жылғы 28 тамыз күні сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша: Астана қ., Достық к-сі, 18, 22-қабат, «Москва» БО.
Конкурсқа қатысу тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде басшы немесе уәкілетті өкіл қол қойған және мөрмен (бар болса) бекітілген жазбаша нысандағы өтінімді ұсынады. Құжаттар желімделген конвертте беріледі.
Өтінімде мыналар көрсетіледі:
- заңды тұлғаның толық атауы не жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және әлеуетті жалға алушының реквизиттері;
- байланыс деректері, соның ішінде мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
- жалдау объектісін пайдалану мақсаты;
- жалдаудың қалаған мерзімі;
- ұсынылатын жалдау төлемінің сомасы (белгіленген мөлшерден төмен емес);
- конкурс шарттарымен және жалдау шартының жобасымен танысқандығын растау;
- жалға алушыларға қойылатын талаптарды сақтауға дайындығы туралы мәліметтер.
Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
Өтінімге мынадай құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері немесе egov.kz порталы арқылы алынған тиісті мәліметтер (анықтамалар) қоса беріледі:
- құрылтай құжаттары — заңды тұлғалар үшін;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
- өтінім берілген күнге дейін бір айдан ерте емес берілген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама.
Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Комиссия өтінімді мынадай жағдайларда қабылдамауға құқылы:
- шынайы емес ақпаратты ұсыну;
- конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
- әлеуетті жалға алушыда бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша берешектің немесе міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы.
Әлеуетті жалға алушының құқығы бар:
- конкурс құжаттамасын және конкурсты өткізу мәселелері бойынша түсініктемелерді алуға;
- объектіні алдын ала қарап шығуға;
- берілген өтінімді конкурс басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей кері қайтарып алуға.
Қосымша шарттар:
Коммуналдық және пайдалану шығыстарын жалға алушы есептеу аспаптарының көрсеткіштері мен қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті қызметтерге белгілеген тарифтері негізінде бөлек төлейді.
Жайды мақсаты бойынша пайдалану үшін қажетті жөндеу-косметикалық жұмыстарды жүргізу қажет болған жағдайда, конкурс жеңімпазы мұндай жұмыстарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және жалдау шартының шарттарына сәйкес өз есебінен жүзеге асырады.
Мүлікті жалдау шартының – сілтеме
Байланысатын тұлға: Р. Мағзумов
Телефон: 8 701 649 65 68




