Өрлеу

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті

Орта білім

Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде зерттеушілік тәсілді тиімді жүзеге асырудың заманауи әдістерін қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуін және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама бастауыш сынып білім алушыларында сыни ойлау дағдыларын, шығармашылықпен мәселе шешу қабілеттерін, ақпаратты талдау және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бағдарлама педагогтерді оқушылардың коммуникация, ынтымақтастық және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту әдістеріне үйретуді көздейді. Бағдарлама аясында ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға ерекше мән беріледі.

  • Мақсатты аудиторияБастауыш сынып мұғалімдері
  • Оқыту тіліҚазақша
  • Оқыту форматыКүндізгі / Қашықтықтан
  • Сағат саны80
  • Әзірленген жылы2024 ж.
  • Қолданылу мерзімі2026 ж. желтоқсан
  • Курс коды7GN5R
  • Бекітілді№8, 05.01.2024 ж.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті — Өрлеу