Өрлеу

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті

Secondary education

Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде зерттеушілік тәсілді тиімді жүзеге асырудың заманауи әдістерін қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуін және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама бастауыш сынып білім алушыларында сыни ойлау дағдыларын, шығармашылықпен мәселе шешу қабілеттерін, ақпаратты талдау және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бағдарлама педагогтерді оқушылардың коммуникация, ынтымақтастық және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту әдістеріне үйретуді көздейді. Бағдарлама аясында ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға ерекше мән беріледі.

  • Target audienceБастауыш сынып мұғалімдері
  • LanguageҚазақша
  • FormatКүндізгі / Қашықтықтан
  • Hours80
  • Year of development2024 ж.
  • Valid until2026 ж. желтоқсан
  • Course code7GN5R
  • Approved№8, 05.01.2024 ж.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті — Өрлеу