Өрлеу

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті

Среднее образование

Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде зерттеушілік тәсілді тиімді жүзеге асырудың заманауи әдістерін қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуін және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама бастауыш сынып білім алушыларында сыни ойлау дағдыларын, шығармашылықпен мәселе шешу қабілеттерін, ақпаратты талдау және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бағдарлама педагогтерді оқушылардың коммуникация, ынтымақтастық және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту әдістеріне үйретуді көздейді. Бағдарлама аясында ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға ерекше мән беріледі.

  • Целевая аудиторияБастауыш сынып мұғалімдері
  • Язык обученияҚазақша
  • Формат обученияКүндізгі / Қашықтықтан
  • Количество часов80
  • Год разработки2024 ж.
  • Срок действия2026 ж. желтоқсан
  • Код курса7GN5R
  • Утверждение№8, 05.01.2024 ж.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті — Өрлеу