ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ – ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада мектепте әдебиет пәнін оқытуда проблемалық оқыту әдісін қолданудың тиімділігі қарастырылады. Проблемалық оқыту оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Мақалада қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың өз пікірін дәлелдеуге және шығарманың терең мағынасына бойлауға мүмкіндік беретін эксперименттер мысалдары келтірілген. Мұғалімдерге оқушыларға шығармашылық ойлауға, мәселелерді тереңірек талдауға, өз пікірлерін нақты және дәлелді түрде жеткізуге көмектесетін әдіс-тәсілдер ұсынылған. Проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылар тек әдеби шығармаларды түсініп қана қоймай, олардың өмірлік мәні мен маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алады. Бұл әдіс оқыту процесін тиімді етіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Мақалада ұсынылған тәжірибелік мысалдар мен ғылыми негіздер оқыту сапасын жақсартуға бағытталған.
Түйін сөздер
- проблемалық оқыту
- әдебиет сабағы
- шығармашылық қабілеттер
- сыни ойлау
- мәтіндермен жұмыс
- педагогикалық әдістер