ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА STEAM ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа
STEAM – бірнеше пәндік салаларды біріктіретін, сыни ойлау, зерттеу құзыреттіліктері мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту құралы ретінде жаңа білім беру технологиясы. Бұл әдіс оқушыларға зерттелетін әлемнің тұтас көрінісін алуға мүмкіндік береді және ғылымды жеке пәндерге бөлудің шарттылығын көрсетеді. Бұл мақалада химия сабақтарында STEAM-білім беруді (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) қолдану қарастырылады. STEAM-білім беру сыни ойлау, креативтілік және оқушылардың проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ететін интегративті тәсілді білдіреді. Мақалада мектептің химия бағдарламасына STEAM-білім беруді енгізу әдістері мен стратегиялары талданып, табысты тәжірибелердің мысалдары келтірілген. Оқушыларға химиялық білімді нақты өмірлік жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін пәнаралық жобаларға ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері STEAM-әдістерін қолдану химияға деген қызығушылықтың артуына, академиялық үлгерімнің жақсаруына және XXI ғасырдың негізгі құзыреттіліктерінің дамуына ықпал ететінін көрсетеді. Қорытындылай келе, мақалада білім беру мекемелерінде STEAM-бастамаларын одан әрі дамыту және қолдау қажеттілігі атап өтіледі, бұл оқушыларды қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайындау үшін маңызды.
Түйін сөздер
- STEAM - оқыту
- интеграцияланған тәсіл
- тәжірибеге бағытталған тапсырмалар
- шығармашылық
- жобалық қызмет
- сыни ойлау