ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ТАНЫТУ
Аңдатпа
9Бұл мақалада Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) арқылы танытудың әдістері мен тәжірибесі баяндалады. Негізгі мәселе: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ы. Алтынсариннің мұрасын заманауи форматта таныту арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Жұмыстың мақсаты: мектеп оқушыларымен жүргізілген тәжірибелік жұмыс барысында мультимедиялық өнімдер (мультфильм, комикс) жасалып, олардың әдебиетке деген қызығушылығы мен цифрлық сауаттылығын арттыру. Зерттеу әдістері: жұмысты дайындау барысында мектеп оқушыларынан сауалнама алынды, ғылыми жобаның кезеңдері, қолданылған АКТ құралдары және алынған нәтижелер талданды. Негізгі нәтижелер: жұмыс барысында оқушылар Ыбырай Алтынсарин шығармаларын заманауи ақпараттық технологиялар арқылы терең меңгеріп, әдебиетке деген қызығушылықтары артты. АКТ құралдарын пайдалану оқушылардың цифрлық сауаттылығын, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Қорытынды:Ыбырай Алтынсарин шығармаларын АКТ арқылы таныту – білім алушылардың қызығушылығын арттыраттыруға және ұлттық әдебиетті оқытудың тиімді инновациялық әдісі екені дәлелденді.
Түйін сөздер
- ақпараттық-коммуникациялық технология
- Ыбырай Алтынсарин
- шығармашылық