Өрлеу

БОЛАШАҚ КӨРКЕМ ЕҢБЕК МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ІСКЕРЛІКТЕРІН МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  • Жәнет ДәлелМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.
  • Юсубалы КамаловМұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Аңдатпа

Мақалада болашақ көркем еңбек мұғалімдерінің арнайы кәсіби іскерліктерін қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Авторлар қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында модульдік оқыту технологиясының студенттерді кәсіби даярлау үдерісіндегі дидактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты талдайды. Зерттеу барысында модульдік тәсілдің болашақ педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетпен ұштастыруға және кәсіби құзыреттіліктерін жүйелі дамытуға тигізетін оң ықпалы дәлелденген. Жұмыста болашақ мұғалімдердің арнайы кәсіби шеберліктерін (графикалық, технологиялық, жобалау) кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған оқу модульдерінің (блоктарының) құрылымдық-мазмұндық үлгісі айқындалған. Сонымен қатар, ұсынылған оқу модульдерін жоғары оқу орнының оқу үдерісіне тиімді енгізудің негізгі педагогикалық шарттары айқындалып, олардың әдістемелік негіздері тұжырымдалған. Нақтыланған педагогикалық шарттар болашақ мамандардың мектептегі көркем еңбек пәнін заманауи талаптарға сай шығармашылықпен жүргізу дайындығын қамтамасыз етеді. (Сөз саны: 116)

Түйін сөздер

  • модульдік оқыту технологиясы
  • көркем еңбек
  • арнайы іскерлік
  • кәсіби даярлық
  • шығармашылық қабілет
  • педагогикалық шарттар
  • кәсіби құзыреттілік

Мақала мәтіні

PDF ашу