АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЖАҚЫП АҚБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ

Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі,
заңгер, қоғам қайраткері Жақып Ақбаевтың туғанына 150 жыл толып отыр.
Осы тарихи датаға орай Қарағанды қаласының
орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімі ұйымдастырған «Ұлт
тұлғасы» атты ғылыми-танымдық семинарға «Өрлеу» Қарағанды филиалының
қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Жақып Ақбаевтың өмір
жолы, қоғамдық-саяси қызметі және қазақ халқының құқықтары мен бостандығын
қорғау жолындағы еңбегі кеңінен сөз болды.
Жақып Ақбаев – Санкт-Петербург
университетінің заң факультетін тәмамдаған, қазақтан шыққан алғашқы заң
магистрлерінің бірі. Ол патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы тұрып,
қазақ жері мен ұлт мүддесін заң аясында қорғауға бар күш-жігерін арнады.
Қуғын-сүргінге ұшырағанына қарамастан, азаматтық ұстанымынан айнымады.
Қарағанды өңірінің тумасы, Ақтоғай жерінің
перзенті Жақып Ақбаевтың өмірі мен мұрасы – жас ұрпақ үшін отансүйгіштік пен
азаматтық жауапкершіліктің үлгісі.
Осындай тарихи тұлғалардың өнегелі жолын
насихаттау, ұлттық тарихтағы орнын дәріптеу және рухани мұрасын келер ұрпаққа
жеткізу – ортақ міндет.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.