ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ

3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму
апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы
күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген
оқыту» тақырыбына арналды.
Оқытуды British Council-дың AELLCA (Accelerating English Language
Learning in Central Asia) халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша
интенсивті оқу курсынан өткен директордың орынбасары К.И. Байкатова мен
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның меңгерушісі С.Қ. Әбитова жүргізді.
Төрт күндік оқыту барысында олар бағдарламада меңгерген білімдері мен
тәжірибелерін филиалдың аға оқытушыларымен бөліседі.
Алғашқы күнгі сабақтың мазмұны тренердің рөлін тереңірек түсінуге,
ересектердің оқу ерекшеліктерін ескеруге және тәжірибеге негізделген оқыту
тәсілдерін қолдануға бағытталды. Қатысушылар Малкольм Ноулздың андрагогика
қағидаттары мен Дэвид Колбтың тәжірибе арқылы оқыту моделін қарастырды.
Өздерінің оқу тәжірибелеріне сүйене отырып, ересектердің тиімді білім алуына
ықпал ететін жағдайлар мен кездесетін кедергілерді талқылады. Мұғалім мен
педагогтерді оқытатын тренердің рөлдерін салыстырып, олардың жұмыс
тәсілдеріндегі ерекшеліктерді нақты жағдаяттар негізінде саралады.
Практикалық бөлімде қатысушылар «Не күтемін, неге алаңдаймын?» жаттығуы
арқылы оқудан күтетін нәтижелері мен өздерін толғандырған сұрақтарды ортаға
салды. Кәсіби тұрғыдан күшті жақтары мен дамытуды қажет ететін дағдыларын
анықтап, «9 гауһар» тапсырмасы арқылы педагогтерді оқыту мақсаттарын
маңыздылығына қарай орналастырды. «Уәждер галереясы» барысында ішкі және сыртқы
мотивацияны қолдау жолдарын талқылады. Оқу мазмұнын педагогтердің күнделікті
тәжірибесімен және кәсіби қажеттіліктерімен байланыстыруға ерекше назар
аударылды.
Басқа жаңалықтар

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ӘРБІР БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЕСКЕРЕТІН ОҚУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім берудегі тең мүмкіндік – әрбір білім алушының жеке ерекшелігі мен әлеуетін ескеріп, оның сапалы білім алуына жағдай жасаудан басталады. Осы бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында филиалда курстан кейінгі қолдау жұмыстары жалғасуда.