Өрлеу

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ӘРБІР БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЕСКЕРЕТІН ОҚУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ӘРБІР БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЕСКЕРЕТІН ОҚУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Білім берудегі тең мүмкіндік – әрбір білім алушының жеке ерекшелігі мен әлеуетін ескеріп, оның сапалы білім алуына жағдай жасаудан басталады. Осы бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында филиалда курстан кейінгі қолдау жұмыстары жалғасуда.

«Оқу ортасына инклюзивті тәжірибелерді енгізуді жоспарлау және рефлексия» тақырыбындағы вебинар педагогтерге инклюзивті білім беру қағидаттарын күнделікті сабақ тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдарын зерделеуге мүмкіндік берді.

Кездесу барысында білім беру үдерісін әмбебап қағидаттар негізінде жоспарлау, білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқу материалдары мен тапсырмаларды саралау, жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.

Қатысушылар тәжірибе алмасу барысында:

·  өңірлік басымдықтар мен білім беру жүйесінің өзекті қажеттіліктерін;

·  ЖИ көмегімен сараланған оқытуға және инклюзивті ортаға арналған тапсырмалар әзірлеу жолдарын;

·  жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары мен академиялық адалдық талаптарын;

·  қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүйесін цифрландыру мүмкіндіктерін талқылады.

Вебинардың маңызды бағыттарының бірі – жасанды интеллект көмегімен әзірленген оқу материалдарының сапасын бағалау, ақпараттың шынайылығы мен дереккөздердің сенімділігін тексеру мәселесі болды.

Кездесу қорытындысында педагогтер курстан кейінгі тәжірибелік жұмыстарын жетілдіру бағыттарын айқындап, тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану бойынша нақты іс-әрекет жоспарларын белгіледі.

Инклюзивті білім беру – әрбір баланың білім алуына қажетті мүмкіндік қалыптастыру. Ал педагогтің кәсіби ізденісі, цифрлық технологияларды орынды қолдануы және үздіксіз дамуы қолайлы білім беру ортасын құрудың маңызды шарты болып табылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ӘРБІР БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЕСКЕРЕТІН ОҚУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ — Өрлеу