Өрлеу

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.
Аталған педагогтер ағымдағы жылдың 12–25 мамыр аралығында «Әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын.
Тренерлік сағаттың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты жүйелі бақылау, нақты дәлелдер негізінде талдау, сабақтың тиімді тұстары мен жетілдіру бағыттарын анықтау және дамытушы кері байланыс беру дағдыларын жетілдіру.
Іс-шара барысында сабақ сапасын талдаудың тиімді алгоритмдері қарастырылды.
Практикалық жағдаяттар арқылы сабақтағы нақты дәлелдерді талдау жұмыстары жүргізілді. Сабақтың күшті жақтары мен даму бағыттарын анықтау тәсілдері ұсынылды.
Конструктивті және дамытушы кері байланыс беру техникалары талданды. Lesson Study аясында сабақты бақылау және бірлесіп жетілдіру тәжірибесімен бөлісу ұйымдастырылды.
Тренерлік сағат соңында қатысушылар сабақ талдауының нәтижесін нақты кәсіби әрекетке айналдыру жолдарын саралап, гугл форма сілтемесі арқылы тыңдаушылар «3–2–1» тәсілі рефлексия жасап, пікір алмасты.
Курстан кейінгі қолдау – біліктілікті арттыру барысында меңгерілген білім мен дағдыларды педагогтің күнделікті тәжірибесіне енгізуге және кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ — Өрлеу