Өрлеу

№26 МЕКТЕПТІҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

№26 МЕКТЕПТІҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Педагогтерді пилоттық жоба бойынша аттестаттаудан өткізу және «Ұстаз» платформасындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №26 мектептің жауапты мамандары мен педагогтеріне арналған онлайн вебинар ұйымдастырылды.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысу шарттары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолиоға қатысты талаптар және аттестаттау үдерісіндегі маңызды мәселелер түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының «Ұстаз» платформасының Атырау қаласы және облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Вебинар Zoom платформасы арқылы өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аттестаттау мен «Ұстаз» платформасында жұмыс істеуге қатысты нақты жауаптар алды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

№26 МЕКТЕПТІҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ — Өрлеу