«Адал азамат»: құндылықтан — күнделікті әрекетке

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» деген ұстанымы білім мен тәрбие саласына да нақты бағыт береді.
Президент атап өткендей, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, білімпаздық, отаншылдық, заң мен тәртіпке құрмет жаңа қоғамдық этиканың негізіне айналуға тиіс.
Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын педагогикалық ортаға енгізуге ерекше мән беріліп отыр.
Ұстаздар үйі бағдарламаның бірыңғай визуалды стиліне сай безендірілген. Кеңістікте Конституция қағидаттары, заң мен тәртіп, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының идеялары көрініс тапқан.
«Оқу және кәсіби даму кабинетінде» кітап алмасу бұрышы ашылған. Сондай-ақ үзіліс кезінде шахмат пен тоғызқұмалақ ойнап, ой сергітуге жағдай қарастырылған.
Бұл бағыттағы жұмыс оқу кеңістігімен шектелмейді. Институтта ашық дәрістер, диалог алаңдары, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ Әкелер одағы, Аналар кеңесі секілді қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ұрпақ тәрбиесіне арналған кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Бүгінде Астана филиалында «Адал азамат» құндылықтарын дәріптейтін осындай білім беру және тәрбие инфрақұрылымы қалыптастырылып жатыр. Алдағы мақсат — осы тәжірибені «Өрлеудің» басқа да өңірлік филиалдарына таратып, олардың инфрақұрылымын да осы бағытта кезең-кезеңімен дамыту.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…