«АДАЛ АЗАМАТ»: ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН НАҚТЫ ІСКЕ

2026 жылғы 9 қазанда Өскемен қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте «Бастауыш сыныпта «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыруда ізденістер мен тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты мен №40 мектеп бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға өңірдің 50 педагогі қатысты.
Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Басты назар бастауыш сынып оқушыларының бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және өзара құрмет құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарына аударылды.
Семинар бағдарламасы ашық сабақтарды, шеберлік сыныптарды, интерактивті алаңдар мен оқушылардың шығармашылық жобаларын қамтыды. Педагогтер оқыту мен тәрбиені ұштастырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, мектеп пен отбасы ынтымақтастығының маңызын талқылады.
«Өрлеу» БАҰО ШҚО бойынша филиалының директоры Гаухар Сайлаубековна Жуманова қатысушыларға құттықтау сөз арнап, ашық сабақтарға қатысып, педагогтердің тәжірибесімен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. Семинар соңында қатысушыларға алғыс білдіріп, тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге сертификаттар табыстады.
Семинарда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған №40 мектептің озық тәжірибесін таратуға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар іс-шара педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеуге, тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасуға және кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ағымдағы жылдың 29 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курстан кейінгі қолдау шаралары аясында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-практикумдар оздырылды.

«Өрлеу» облыстық телеарна эфирінде
Гульдарай Кыркаева, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, KOKSHE телеарнасының «Пәрменді пікір» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

ЖАС АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ҚОЛДАУ: МЕКТЕПТЕГІ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен Британдық Кеңестің үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) бағытындағы бірлескен жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы жобаға қатысушы мектептерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.