ЖАС АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ҚОЛДАУ: МЕКТЕПТЕГІ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«Өрлеу» БАҰО АҚ
мен Британдық Кеңестің үздіксіз кәсіби даму бағытындағы бірлескен жобасы
аясында Ақтөбе қаласындағы жобаға қатысушы мектептерге жұмыс сапарлары
ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Ә. Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейге, №56 және №28 жалпы білім беретін орта мектептеріне барылды.
Кездесулер барысында жоба үйлестірушісі, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Пеннер мектептердің тәжірибесімен танысып, педагогтермен және мектеп командаларының өкілдерімен пікір алмасты. Талқылау барысында ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуы, сондай-ақ, үздіксіз кәсіби даму ресурстарын білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне назар аударылды.
Жобаның негізгі мақсаты – ағылшын тілін оқытатын жас педагогтерге арналған қазақстандық сарапшылар әзірлеген әдістемелік нұсқаулықты мектеп тәжірибесіне енгізу. Бұл ресурс педагогикалық қызметінің алғашқы 1–3 жылындағы мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсетуге, жеке даму траекториясын қалыптастыруға, оқыту дағдыларын жетілдіруге және кәсіби міндеттерді сенімді шешуге көмектесуге бағытталған.
Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі – Ақтөбе қаласынан іріктелген 10 мектептің осы ресурсты оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіруі. Бұл жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсетіп қана қоймай, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәлімгерлік мәдениетін дамытуға және мектеп жағдайында үздіксіз кәсіби білім алуға мүмкіндік береді.
Мектептерге бару барысында жоба аясында ұсынылған идеялардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқаны зерделеніп, қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, туындаған мәселелер талқыланып, әдістемелік нұсқаулықты тиімді енгізудің алдағы қадамдары айқындалды.
Жас маманның кәсіби жолының басталуы – оның болашақтағы
жетістігінің маңызды негізі. Сондықтан мұғалімге дер кезінде қолдау көрсету,
тәжірибе алмасуға жағдай жасау және кәсіби дамуына мүмкіндік беру – білім беру
сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
Бірлескен жоба жас педагогтердің әлеуетін ашуға, кәсіби
сенімін нығайтуға және мектептегі үздіксіз даму мәдениетін қалыптастыруға
бағытталған.
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ағымдағы жылдың 29 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курстан кейінгі қолдау шаралары аясында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-практикумдар оздырылды.

«Өрлеу» облыстық телеарна эфирінде
Гульдарай Кыркаева, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, KOKSHE телеарнасының «Пәрменді пікір» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

Функционалдық сауаттылық: теориядан практикаға
«Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.