Функционалдық сауаттылық: теориядан практикаға

«Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Қатысушылар баланы ережені жай ғана білуге емес, білімін өмірде қолдануға қалай үйретуге болатынын талқылады: оқығанын түсіну, ақпаратпен жұмыс істеу, практикалық есептерді шешу. Тапсырма мысалдарын қарап, өздері орындап көрді, содан кейін кейстермен жұмыс істеді: топта нақты оқу жағдаяттарын талдап, шешім іздеді. Әр топ өз тәжірибесінен тапқан тәсілдерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу
ерекше пайдалы болды: әркім жақын арада өтетін сабақтарға арналған дайын
идеялармен кетті.

Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ағымдағы жылдың 29 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курстан кейінгі қолдау шаралары аясында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-практикумдар оздырылды.

«Өрлеу» облыстық телеарна эфирінде
Гульдарай Кыркаева, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, KOKSHE телеарнасының «Пәрменді пікір» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

ЖАС АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ҚОЛДАУ: МЕКТЕПТЕГІ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен Британдық Кеңестің үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) бағытындағы бірлескен жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы жобаға қатысушы мектептерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.