Өрлеу

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БАСҚАРУ

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БАСҚАРУ

2026 жылғы 21 қыркүйекте білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Қазіргі уақытта оқу үдерісі жалғасуда.

Курстың өзектілігі білім беру ұйымдарында жарияланған тәрбиелік басымдықтар мен күнделікті басқарушылық тәжірибенің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Оқу барысында құндылықтар тек теориялық ұстаным ретінде ғана емес, басқарушылық құзыреттерді жетілдіру мен құндылыққа бағдарланған көшбасшылықты қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде қарастырылады.

Курс аясында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударылады:

* педагогикалық ұжымның кәсіби мәдениетін дамыту;

* командалық жұмысты тиімді ұйымдастыру;

* ішкі коммуникацияны жетілдіру;

* құндылықтарды басқарушылық шешімдерге енгізу;

* тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру.

Сабақ барысында тыңдаушылар нақты басқарушылық жағдаяттарды талдап, практикалық тапсырмаларды орындайды және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар құндылыққа негізделген басқарудың тиімді жолдары мен тетіктерін зерделейді.

Курс барысында жинақталған білім мен тәжірибе басшыларға құндылықтарды күнделікті басқару үдерісіне енгізуге, тәрбие жұмысын жүйелі жолға қоюға және білім беру ұйымында барлық қатысушыларға ортақ құндылықтар ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БАСҚАРУ — Өрлеу