БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша
филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру»
тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.
Курстың негізгі мақсаты – педагогтердің
тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және
біртұтас тәрбие құндылықтарын білім беру тәжірибесінде тиімді қолдану
дағдыларын дамыту.
Оқу барысында тыңдаушылар тәрбие үдерісін
ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылап, пікірсайыс форматында түрлі
тақырыптар бойынша өз ұстанымдарын білдіруде. Сонымен қатар, педагогтер өзара
тәжірибе алмасып, білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен
педагогикалық тәжірибелерді ортаға салуда.
Мұндай жұмыстар кәсіби диалогты дамытуға,
педагогтердің тәжірибесін жетілдіруге және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді
жолдарын айқындауға бағытталған.
Курс жұмысы жалғасуда. Алдағы сабақтарда
тыңдаушылар алған білімдерін жүйелеп, тәжірибелік дағдыларын одан әрі
жетілдіретін болады.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.

Білім саласының көрнекті ғалымымен тағылымды кездесу өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кездесу өтті. Бұл кездесу институт ұжымы үшін білім беру саласындағы ғылыми көзқарастарды тікелей көрнекті маманның аузынан тыңдауға мүмкіндік берді.