Өрлеу

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.

Білім алушының идеясы мен шығармашылық әлеуетін дамытуда жасанды интеллект қандай мүмкіндіктер ұсынады? – бұл мәселе бүгін филиалда ұйымдастырылған курстан кейінгі қолдау вебинарында талданды.

«Үштік спираль» моделі негізінде ұйымдастырылған кездесу барысында көркем еңбек сабақтарына жасанды интеллект технологияларын кіріктірудің тиімді жолдары, дизайн мен модельдеудегі жаңа мүмкіндіктер және білім алушылардың шығармашылық ізденістерін жандандыру әдістері талқыланды.

Вебинар аясында қатысушылар:

• Жасанды интеллект көмегімен дизайн және модельдеу жұмыстарын ұйымдастыру;

• оқушылардың идеяларын визуализациялау және креативті жобалар әзірлеу;

• ЖИ ұсынған шешімдерді талдау, өңдеу және жетілдіру арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

• ұлттық құндылықтарды шығармашылық жұмыстардың мазмұнына енгізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесудің маңызды тұстарының бірі – жасанды интеллектіні дайын өнім алудың құралы ретінде ғана емес, оқушының дербес ойлауына, ізденуіне және шығармашылық шешім қабылдауына ықпал ететін технология ретінде қарастыру болды.

Талқылау барысында педагогтер оқу үдерісінде кездесетін кедергілерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен бірге, табысты тәжірибелер сараланып, курстан кейінгі қолдау жұмыстарының бағыттары келісілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ — Өрлеу