Білім саласының көрнекті ғалымымен тағылымды кездесу өтті

Кездесу барысында білім беру жүйесінің қазіргі даму бағыттары, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы және педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушылар бүгінгі білім беру жүйесінің жетістіктері мен алдағы міндеттерін ортаға салып, ғылым мен практиканың өзара байланысына баса назар аударды.
Асқарбек Қабыкенұлы – Қазақстандағы салыстырмалы педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым. Оның ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттарына білім беру сапасы, оқулықтану, педагогика және білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері жатады.
Кездесуде ғалым өзінің мол ғылыми және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, педагог мамандығының қоғамдағы маңызына тоқталды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.