Өрлеу

«AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, НӘТИЖЕ» – облыстық цифрлық бейнероликтер байқауына жас педагогтерді қатысуға шақырамыз!

«AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, НӘТИЖЕ» – облыстық цифрлық бейнероликтер байқауына жас педагогтерді қатысуға шақырамыз!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастыратын байқау жас педагогтердің жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде шығармашылық әрі тиімді қолдану тәжірибесін танытуға бағытталған.

💡 Байқау бағыттары:
▫️ Сабақ – ЖИ құралдарын сабақта қолдану;
▫️ Дербестендірілген оқыту;
▫️ Шығармашылық педагогика;
▫️ Цифрлық бағалау;
▫️ Инклюзивті білім беру;
▫️ Болашақ мектебі.

🎬 Қатысу үшін:
• педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс;
• бейнеролик 3 минутқа дейін, MP4 форматында, 16:9 өлшемінде болуы қажет;
• ЖИ немесе цифрлық технологияны қолданудың нақты мысалы, мақсаты және нәтижесі көрсетілуі тиіс;
• авторлық құқық пен академиялық адалдық талаптары сақталуы қажет.

🏆 Номинациялар:
«Үздік AI-Педагог» | «Үздік AI-идея» | «Үздік цифрлық бейнеролик» | «Үздік инновациялық шешім»

📅 Жұмыстар 2026 жылғы 23 қазанға дейін қабылданады.

📩 Өтінім мен бейнероликті:
ATR-Orleu-Auditorium@orleu.edu.kz
электрондық поштасына жолдаңыз.

📞 Байқау бойынша ақпарат:
Дюсенова Меруерт Мадениетовна – 8 778 532 56 14
Даулетова Нұргүл Алдабергенқызы – 8 701 364 23 32

✨ Өз идеяңызды көрсетіңіз! ЖИ мүмкіндіктерін педагогикалық шығармашылықпен ұштастырып, авторлық тәжірибеңізді танытыңыз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, НӘТИЖЕ» – облыстық цифрлық бейнероликтер байқауына жас педагогтерді қатысуға шақырамыз! — Өрлеу