«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ» АКЦИЯСЫ: ОҚУҒА ШАҚЫРУ – ОРТАҚ МАҚСАТ!

2026 жылғы 6 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіне арналған алғашқы кітап оқу сессиясы өтті.
Іс-шараның бірінші кезеңі жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысуға арналды. Қатысушылар қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгердің шығармашылық жолына шолу жасап, «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің тақырыбы мен идеясына назар аударды.
Кездесудің басты мақсаты – әріптестерді көркем әдебиетті оқуға қызықтыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және шығарманы бірлесіп оқуға ынталандыру.
Әсіресе, шығарманы оқуға дейінгі кезеңде туындының атауы, авторлық ұстанымы мен көтеретін мәселелері төңірегінде ой қозғау арқылы қатысушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға басымдық берілді.
Кітап оқу – тек ақпарат алу емес, ол адамды ойлануға, сезінуге, өзіне және қоғамға басқа қырынан қарауға жетелейтін рухани үдеріс.
Алдағы кездесулерде әңгіменің мазмұны терең талданып, кейіпкерлер әлемі, көтерілген әлеуметтік мәселелер мен шығарманың тағылымдық мәні төңірегінде пікір алмасу жоспарлануда.
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ КІРІКТІРУ
Бүгінде жасанды интеллект құралдары мен машиналық оқыту модельдерінің мүмкіндіктерін білім мазмұнымен ұштастыру – педагогтің кәсіби ізденісіндегі өзекті бағыттардың бірі.

МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты «ХАБАРШЫ - ВЕСТНИК» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына педагогтердің мақалалары мен авторлық материалдарын қабылдайды

«Өрлеу» өкілі «Әділет» партиясының маңызды жиынына қатысты
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары Айгүл Жұманбаева Көкшетау қаласында өткен «Әділет» партиясы активінің маңызды кездесуіне қатысты.