Өрлеу

«Өрлеу» өкілі «Әділет» партиясының маңызды жиынына қатысты

«Өрлеу» өкілі «Әділет» партиясының маңызды жиынына қатысты
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары Айгүл Жұманбаева Көкшетау қаласында өткен «Әділет» партиясы активінің маңызды кездесуіне қатысты.
Бүгін, 18 қараша күні, «Әділет» партиясының облыстық филиалында Республикалық сайлауалды штаб мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары бас қосты.
 Күн тәртібіндегі басты мәселелер:
Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру;
«Әділет» партиясының Жол картасын жүзеге асыру және өңірді дамыту;
Алдағы мәслихат сайлауына дайындық барысы.
Алда ауқымды міндеттер тұр. Өңірдің дамуы жолындағы бірлескен жұмыс жалғасады! 
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» өкілі «Әділет» партиясының маңызды жиынына қатысты — Өрлеу