Өрлеу

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ КІРІКТІРУ

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ КІРІКТІРУ

Бүгінде жасанды интеллект құралдары мен машиналық оқыту модельдерінің мүмкіндіктерін білім мазмұнымен ұштастыру – педагогтің кәсіби ізденісіндегі өзекті бағыттардың бірі.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда біліктілікті арттыру курсында қалыптасқан кәсіби құзыреттерді дамыту, жаңа білімді тәжірибеге енгізу және туындаған мәселелерді бірлесіп шешу жүйелі әдістемелік сүйемелдеуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдау міндеттеріне сәйкес филиалда «Жасанды интеллект модельдерін оқу бағдарламасына интеграциялау» тақырыбында вебинар өтті.

«Үштік спираль» моделі негізінде ұйымдастырылған вебинар аясында мұғалімнің әдістемелік ұстанымы мен кәсіби жауапкершілігіне, машиналық оқытуға негізделген шағын оқу жобаларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында машиналық оқытудың негізгі ұғымдары мен модельдерінің жұмыс істеу ерекшеліктері, Python кітапханаларының деректерді өңдеу, талдау және визуализациялаудағы мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект модельдерін мектеп бағдарламасына бейімдеу, білім алушылардың жас ерекшеліктері мен оқу мақсаттарына сәйкес практикалық тапсырмалар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында ЖИ модельдерін сабаққа енгізу кезінде кездесуі мүмкін кедергілер, оларды еңсеру жолдары мен тиімді әдістемелік шешімдер қарастырылды. Педагогтердің тәжірибе алмасуы, бірлескен жобаларды жоспарлауы және алдағы кәсіби әрекеттерін айқындауы курстан кейінгі қолдаудың практикалық маңызын арттырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ КІРІКТІРУ — Өрлеу