Аппараттық кеңес: нәтиже, жауапкершілік, сапа

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен Аппараттық кеңесте біліктілікті арттыру курстарының орындалуы, курстан кейінгі қолдау және жаңа жобалар талқыланды.
Басқарма төрағасының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Бекіш мемлекеттік тапсырыстың орындалу барысы мен курстан кейінгі қолдау нәтижелерін таныстырды. Ақылы оқыту бойынша республика көлемінде 982 курсқа 19 634 тыңдаушы қамтылған. Оның 18 862-сі 943 курсты аяқтады.
Курстан кейінгі қолдауға да жаңа талап қойылды. Бұған дейін бұл бағытқа негізінен «Өрлеу» жауапты деп қаралса, енді нәтижеге барлық жауапты құрылым бірдей атсалысуы тиіс.
«Курс аяқталды — жұмыс аяқталды деген сөз емес. Педагог алған білімін тәжірибеде қолданғанға дейінгі қолдау сапалы әрі үздіксіз болуы керек. Бұл — барлығымызға ортақ жауапкершілік», — деді Ғалымжан Алматов.
Аппараттық кеңесте кәсіби білім мен оқу мәдениетін ұштастыратын жаңа бастамалар да талқыланды.
Мемлекет басшысының адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді, бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында «Өрлеу» мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасында ынтымақтастық меморандумы жасалған болатын.
Енді бұл бағыт өңірлерде де жалғасын таппақ. Кәсіби даму институттарында электронды журналдар шығару жоспарланып отыр. Жаңа формат педагогтердің озық тәжірибесін кеңінен таратуға, заманауи білім ресурстарына қолжетімділікті арттыруға және оқу мәдениетін дәріптеуге мүмкіндік береді.
Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов бұл жұмыста саннан бұрын сапа маңызды екенін атап өтіп, әр электронды журналдың мазмұны мен сапасына филиал басшылары тікелей жауапты болатынын жеткізді.
Жалпы, аппараттық кеңестің негізгі талабы айқын: көрсеткіш үшін емес — нәтиже үшін жұмыс істеу. Курс өткізумен ғана шектелмей, оның педагогтің күнделікті тәжірибесіне, кәсіби өсуіне және білім сапасына нақты ықпалын қамтамасыз ету қажет.



Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…