«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы алғашқы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған апталық оқу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалында өтті.
Курсқа Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы білім беру ұйымдарының басшылары және математика пәнінің мұғалімдері – барлығы 25 педагог қатысты.
Бес күндік оқу барысында тыңдаушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, жеке қаржыны тиімді басқару, бюджетті жоспарлау, қаржылық тәуекелдерді бағалау және жауапты қаржылық шешім қабылдау дағдыларын меңгерді.
Сонымен қатар қаржылық сауаттылық негіздерін білім алушыларға түсінікті әрі тиімді жеткізудің заманауи әдіс-тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Педагогтер практикалық тапсырмалар орындап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
