Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында маңызды білім беру жобасы жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесе отырып, «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастады.
Атырау облысы бойынша 2026 жылы өңірімізден 122 педагог осы арнайы курстан өтеді деп жоспарлануда. Оқуға білім беру ұйымдарының басшылары мен математика пәні мұғалімдері тартылады.
Курсты «Өрлеу» институтының аға оқытушылары мен Ұлттық Банктің білікті мамандары бірлесіп жүргізеді. Педагогикалық әдістеме мен сарапшылық қаржылық тәжірибенің ұштасуы қатысушыларға ең өзекті әрі сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
Курстың негізгі мақсаты мен бағыттары:
Жеке қаржыны басқару: Педагогтердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттырып, тиімді әрі сауатты шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыру;
Практикалық дағдылар: Бюджетті жоспарлау, қаржылық тәуекелдерді бағалау және қаржылық жауапкершілік мәдениетін дамыту;
Әдістемелік шеберлік: Қаржылық сауаттылық негіздерін мектеп оқушыларына тиімді әрі қызықты меңгертудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Заманауи ұстаз — тек өзінің пәндік білімімен шектелмей, заман талабына сай өмірлік маңызды дағдыларды, соның ішінде қаржылық мәдениетті де бойына сіңірген тұлға.
Бұл курс — мұғалімдердің кәсіби дамуына ғана емес, өңірдегі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ — Өрлеу