Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогтерді «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысуға шақырады.

Курс барысында тыңдаушылардың қаржылық мәдениетін арттыруға, қаржыны тиімді басқару дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Сонымен қатар педагогтер балалардың бойында ақшаға жауапкершілікпен қарау, шығындарды жоспарлау, қаражатты үнемдеу және қаржылық шешімдерді саналы түрде қабылдау дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін меңгереді.

📅 Курстардың өткізілу мерзімдері:
✅ 28.09 – 02.10
✅ 05.10 – 09.10
✅ 12.10 – 16.10
✅ 09.11 – 13.11
✅ 16.11 – 20.11

📌 Оқыту форматы: офлайн

👥 Курс тыңдаушылары:
• математика пәні мұғалімдері;
• білім беру ұйымдарының басшылары;
• білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары.

📞 Тіркелу үшін:
8 701 284 7629
8 702 425 4685

📍 Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
Мекенжайы: Атырау қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 2А.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ — Өрлеу