Астанада «Өрлеу» БАҰО-ның жаңа филиалы ашылды

Елордада «Өрлеу» БАҰО-ның қалалық филиалы – Кәсіби даму институты ресми түрде жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жаңа кеңістіктің мүмкіндіктерімен танысты.
«Өрлеу» БАҰО-ның Астана қаласындағы жаңа филиалының директоры болып Ерлан Қалмақов тағайындалды. Ол әр жылдары ішкі және жастар саясаты салаларында еңбек етіп, Қостанай облысының мәдениет және дін істері жөніндегі басқармаларын басқарған. 2024-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Институтта жобалық және зерттеушілік оқыту, STEM және пәнаралық оқыту, оқу және кәсіби даму кабинеттері, «Ыбырай Алтынсарин» кабинеті мен дыбыс жазу студиясы жасақталған.
Филиал жұмысының негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллект пен STEM технологияларын педагогтердің тәжірибесіне енгізу. Жергілікті сервер, VR-жабдықтар мен 3D-принтер мұғалімдерге жаңа технологияларды теория жүзінде ғана емес, тәжірибе барысында меңгеруге мүмкіндік береді.
Ашылу рәсімі педагогтермен өткен «Кәсіби диалог» алаңымен жалғасты. Кездесуде кәсіби даму, білім сапасын арттыру және мұғалімдерді қолдаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…