Педагогтерді аттестаттау: пилоттық жоба талаптары түсіндірілді

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы педагогтерге аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары, цифрлық профильді қалыптастыру тәртібі және пилоттық жобаның ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аттестаттау рәсіміне қатысты түсіндірмелер алды.
Кездесуге барлығы 40 педагог қатысты.
Басқа жаңалықтар


«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»
«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!