Аттестаттаудың жаңа пилоттық моделі: пікіріңіз маңызды

Құрметті әріптестер!
❗️Аттестаттаудың жаңа пилоттық моделіне қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде қалдыруға шақырамыз.
📝 Сіздің кері байланысыңыз модельді жетілдіруге және педагогтер үшін тиімді шешімдер қабылдауға негіз болады.
🗣️Осы ретте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Сіздермен әрдайым ашық әрі тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екенін хабарлаймыз.
___
❗️Если у вас есть предложения или мнения по новой пилотной модели аттестации, будем признательны, если поделитесь ими в комментариях ниже.
📝 Ваша обратная связь поможет совершенствовать модель и принимать эффективные решения для педагогов.
🗣️ Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» всегда открыт к диалогу и заинтересован в конструктивном взаимодействии с вами.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
