АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПЕДАГОГТЕРІ КУРСТАН ӨТТІ

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асырудың жаңа тәсілдері: мақсаттардан ағылшын тілі пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне дейін» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқу курсын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы О. Мұхатова жүргізді.
Курс бағдарламасы оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибеде қолдануға, яғни оқу мақсаттарын қоюдан бастап нақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталды. Атап айтқанда, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын күнделікті сабақ жоспарлау үдерісіне кіріктіру және критериалды бағалау жүйесіне ерекше назар аударылды.
Оқу барысында инклюзивті білім беру және оқытудың әмбебап дизайны (UDL) мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Case Study (жағдаяттық тапсырмалар), «Шатасқан тапсырма», SMART мақсаттарын қою технологиясы, топтық және жұптық жұмыс түрлері қолданылды.
Курс қатысушылары 5E және 5C модельдерімен, сондай-ақ бес негізгі дағдыны дамыту әдістерімен танысты. Олар: сыни ойлау (Critical Thinking), креативтілік (Creativity), ынтымақтастық (Collaboration), коммуникация (Communication), мәдени құзыреттілік және азаматтық жауапкершілік (Culture/Citizenship).
Бұдан бөлек, бағдарлама аясында рефлексия мен кері байланысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын (AI & Digital Tools) сабақ барысында тиімді пайдалану жолдары қамтылды.
Курс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
