Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» ұлттық орталығы «Конституция: адами капитал. Адал азамат» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өткізді

Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 6 мыңнан астам педагог қатысты. Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев сөз сөйлеп, білім беру үдерісіне конституциялық қағидаттарды кіріктірудің өзекті міндеттерін атап өтті.
Бағдарламаның мазмұнды бөлігі Шымкент қаласындағы «Өрлеу» филиалының директоры Меруерт Медетбекованың баяндамасымен ұсынылды. Ол өз сөзінде еліміздің негізгі заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясы құндылықтарының «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының мазмұнымен өзара байланысын жан-жақты ашып көрсетті.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі құқықтық мәдениеті жоғары, отансүйгіштік рухы қалыптасқан және сыни ойлау қабілеті дамыған жаңа үлгідегі азаматты тәрбиелеудің негізгі құралына айналуда.
Семинардың практикалық бөлімі еліміздің барлық өңірлеріндегі «Өрлеу» филиалдары базасында воркшоп форматында ұйымдастырылды. Оған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен әдіскерлер қатысты. Іс-шара барысында Конституция құндылықтарын оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарының мазмұнына тиімді кіріктіру тетіктері ұсынылды.
Бүгінде педагогикалық қауымдастық алдында білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыс «Өрлеу» ұлттық орталығының өңірлік филиалдарында жүйелі түрде жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…