БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

28 қыркүйектен бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды. 9 қазанға дейін жалғасатын оқу бағдарламалары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи оқыту тәсілдерін меңгеруге және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған.
Курс аясында тарих, информатика, география, бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ әдіскерлер мен басшы орынбасарлары білімдерін жетілдіруде. Оқу бағдарламалары мемлекеттік стандартты іске асырудың жаңа тәсілдері, «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру, функционалдық сауаттылық, робототехника және STEAM, педагог тәжірибесін бақылау арқылы әдістемелік қолдау бағыттарын қамтиды.
Оқу барысында тыңдаушылар теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастырып, заманауи педагогикалық тәсілдерді өз тәжірибесінде тиімді қолдану жолдарын қарастырады. Кезекті біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибесін жаңартуына және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар


«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.