Өрлеу

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында «Zerdeli Group» ЖШС Бас директоры Мәуіт Ырысбек Мәуітұлымен пікір алмасып, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға институттың аға оқытушылары қатысып, білім беру саласындағы тәжірибелік жұмыстар, олимпиадалық дайындық, оқушылардың дарындылығын дамыту, заманауи білім беру ресурстары және педагогтермен бірлескен жобаларға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Меморандум аясында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:
🔹 педагогикалық және ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу;
🔹 пәндік олимпиадалар мен білім сайыстарын ұйымдастыру;
🔹 педагогтерге арналған семинарлар, тренингтер, форумдар мен кездесулер өткізу;
🔹 оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу;
🔹 «Zerdeli Online Mektebi» жобаларын, оның ішінде «Зерделі ұрпақ» және «Олимпиадалық академия» бағыттарын дамыту;
🔹 мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған бірлескен жобалар әзірлеу;
🔹 білім алушылардың қабілеті мен дарындылығын анықтауға бағытталған олимпиадалар ұйымдастыру;
🔹 математика пәні бойынша әдістемелік және контенттік ресурстар әзірлеу.
Сонымен қатар, «Алтын сақа», «Алтын түлек» және «Алтын тұғыр» байқаулары мен олимпиадаларды бірлесіп ұйымдастыру мен өткізуді көздейді.
Бұл меморандум педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, білім алушылардың қабілеттерін дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Бірлескен тәжірибе, кәсіби диалог және ортақ бастама – сапалы білімге бастар маңызды қадам!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ — Өрлеу