Өрлеу

ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ВОРКШОП ӨТТІ

ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ВОРКШОП ӨТТІ

24 қараша күні «Өрлеу» БҚО бойынша Кәсіби даму институтында қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті дидактикалық материалдар әзірлеуге арналған онлайн воркшоп өтті. Кездесуге «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өткен педагогтер қатысып, ЖИ құралдары мен цифрлық платформаларды тиімді қолдану жолдарын талқылады.

Воркшоп барысында институттың аға оқытушысы Абишева Алина Муратовна Claude, Diffit, Gemini құралдарының мүмкіндіктерін таныстырып, оқу мақсатына сай интерактивті тапсырмалар әзірлеу алгоритмін көрсетті. Сонымен қатар Бөкейорда, Ақжайық аудандары мен Орал қаласының педагогтері SMART MONEY, ойын технологиялары және LearningApps платформасы арқылы қаржылық сауаттылықты дамытуға арналған өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, «Бір қадам алға» рефлексиясы арқылы алған білімдерін сабақта қолданудың нақты қадамдарын белгіледі. Воркшоп педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, заманауи интерактивті оқу ресурстарын әзірлеуге бағытталған тиімді кәсіби алаң болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ВОРКШОП ӨТТІ — Өрлеу