Көркем еңбек: ұлттық құндылық пен заманауи технология сабақтастығы

Секциялық отырысқа Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» Кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы Ибраева Жанар Мұхамедқалиевна қатысты.
Отырыста көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи бағыттары, ұлттық құндылықтарды білім мазмұнына кіріктіру, «Адал азамат» бағдарламасын пән мазмұнымен сабақтастыру, SHAPE білім беру тұжырымдамасы және білім алушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ерекше назар озық педагогикалық тәжірибеге, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге аударылды. Педагогтер көркем еңбек сабақтарында ЖИ құралдарын тиімді пайдалану, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және заманауи білім беру контентін әзірлеу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар «Ұлттық мұра және заманауи шығармашылық» көрмесі ұйымдастырылып, сәндік-қолданбалы өнер, киіз өнері және ұлттық өнерді заманауи шығармашылықпен ұштастыру бағытында шеберлік сыныптары өткізілді.
Секциялық отырыс педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылық идеяларымен бөлісуіне және көркем еңбек пәнін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауына тиімді алаң болды.
Ұлттық өнерді дәріптеу, шығармашылықты дамыту және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану – заманауи көркем еңбек сабағының маңызды бағыттарының бірі.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.