Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ: АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ: АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

17 қараша к.ні  Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында "BILIM QAZYNA" КММ-мен бірге педагогтерге арналған аттестаттау мәселелері бойынша кезекті ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың негізгі талаптары, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау ерекшеліктері, кәсіби жетістіктері мен жұмыс нәтижелерін ұсыну тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, аттестаттауға дайындық кезінде ескерілуі тиіс маңызды мәселелерге назар аударылды.

Педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аттестаттауға дайындық барысында туындайтын практикалық мәселелер бойынша нақты жауаптар мен әдістемелік түсіндірмелер алды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жаңа аттестаттау тәртібінің талаптарын түсіндіріп қана қоймай, педагогтерге өздерінің кәсіби тәжірибесі мен жетістіктерін белгіленген талаптарға сәйкес жүйелі әрі сауатты ұсынуға бағыт-бағдар беру.

Педагогтерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету, жаңа талаптарды түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ: АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ — Өрлеу