Өрлеу

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ МЕН ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ МЕН ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты мен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Е. Қалмақов пен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Т. Ещжанов қол қойды.
Меморандум білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында педагогикалық білім берумен қатар озық технологиялар салаларында ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру көзделеді.

Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен студенттер арасында тәжірибе алмасуды дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге және кәсіби даму мүмкіндіктерін арттыруға басымдық беріледі. Тараптар біліктілікті арттыру курстарын, шеберлік сыныптарын, қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру, ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, оқу-әдістемелік материалдармен алмасу бағытында бірлесіп жұмыс істейді.

Аталған ынтымақтастық білім беру теориясы мен тәжірибесін ұштастырып, педагогтерді даярлау сапасын арттыруды және қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сай кәсіби құзыреттерді дамытуды көздейді. Бұл бірлескен жұмыс білім мен ғылымның өзара байланысын нығайтып, педагогикалық білім беруді жетілдіруге және білім беру саласындағы жаңа бастамаларды жүзеге асыруға негіз болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар