Өрлеу

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

2026 жылғы 30 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқыту: мұғалім құзыреттілігінің жаңа моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференция аясында «Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша  Кәсіби даму институты филиалының аға тренері Садыкова Гулайм Әбиқызы «Білім берудегі жаңа мүмкіндік: жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада информатика пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды тиімді пайдалану, білім алушылардың ақпараттық, цифрлық және сыни ойлау дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды.

Практикалық бөлімде мектептегі электр энергиясын тұтыну көрсеткіштерін электрондық кестелер арқылы талдау, диаграммалар құру және жасанды интеллект көмегімен энергияны үнемдеу жолдарын ұсыну тәжірибесі таныстырылды.

Сонымен қатар жасанды интеллект ұсынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, деректерге сүйене отырып шешім қабылдау және цифрлық ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану маңыздылығы атап өтілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар