Өрлеу

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ

Шымкент қаласында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асырудың жаңа тәсілдері: мақсаттан күтілетін нәтижелерге дейін. «Орыс тілі мен әдебиеті» Я2 біліктілікті арттыру курсы жалғасуда. Кеше басталған оқу бағдарламасы бүгін белсенді практикалық кезеңге өтті.

Курс барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын тиімді іске асыру, оқу үдерісін сауатты жоспарлау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріне басымдық берілуде. Әсіресе, орыс тілін екінші тіл ретінде (Я2) оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл педагогтен заманауи әдістемелік тәсілдерді меңгеруді, оқыту үдерісінде икемділік танытуды және интерактивті құралдарды тиімді пайдалануды талап етеді.

Курс аясында тыңдаушылар төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде:

·    МЖМБС талаптарына сәйкес сабақ жоспарлау: оқу мақсаттарын нақтылау, жетістік критерийлерін әзірлеу және күтілетін нәтижелерді айқындау дағдыларын жетілдіреді.

·   Я2 пәнін оқытудың заманауи стратегиялары: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді меңгереді.

·     Критериалды бағалау: сындарлы кері байланыс ұсыну, бағалау критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу жолдарын қарастырады.

·  Практикалық жұмыс және тәжірибе алмасу: педагогикалық жағдаяттарды талдайды, кәсіби кейстерді талқылайды және әдістемелік материалдар әзірлейді.

Курстың екінші күні теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастыра отырып, белсенді жұмыс форматында өтуде. Тыңдаушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған жұмыстарға қатысуда.

Алда тыңдаушыларды жаңа білім, тың әдістемелік шешімдер мен педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған мазмұнды жұмыс күтіп тұр.

 Курс жетекшісі: аға оқытушы Нуржигитова Н. 

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ — Өрлеу