ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРАЛЫ

Білім беру үдерісіне жасанды интеллект
технологияларын енгізу мұғалімнің жұмысын оңтайландырып, оқыту әдістерін жаңа
деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осы бағытта өткен практикалық сабақ
педагогтердің цифрлық құралдарды меңгеруіне және оларды күнделікті сабақ
тәжірибесінде қолдануына арналды.
Сабақ барысында мұғалімдер ChatGPT және
басқа да жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеп, олардың білім беру
саласындағы мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде зерделеді.
Қатысушылар сабақ жоспарлары мен оқу
материалдарын әзірлеу, түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын құрастыру,
оқушылардың білім деңгейіне сәйкес дербестендірілген тапсырмалар дайындау
жолдарын меңгерді. Сонымен қатар тиімді промт жазудың ерекшеліктерін
қарастырып, нақты әрі мазмұнды сұраныс құрастырудың нәтижеге тікелей әсер
ететінін тәжірибе арқылы байқады.
Практикалық бөлімде мұғалімдер
викториналық ойындар құрастырып, білім беру презентациялары мен көрнекі
иллюстрациялар әзірледі. Бұл жұмыстар жасанды интеллект құралдарын тек ақпарат
іздеу үшін ғана емес, оқу үдерісін мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыруға да
пайдалануға болатынын көрсетті.
Сабақ қорытындысында қатысушылар өз
жұмыстарына талдау жасап, жасанды интеллектті сабақта қолданудың тиімді
тәсілдерін айқындады.
Басты мақсат – технологияны мұғалімнің
орнын басатын құрал ретінде емес, оның кәсіби қызметін жеңілдететін,
шығармашылығы мен педагогикалық әлеуетін арттыратын сенімді көмекші ретінде
пайдалану.
Тренер:
Жорабекова Г.А.
Басқа жаңалықтар

КУРСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ОҚУ МАҚСАТЫНАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ
Курс барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын тиімді іске асыру, оқу үдерісін сауатты жоспарлау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріне басымдық берілуде.

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.