Өрлеу

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИДЕЯДАН ЖОБАҒА

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИДЕЯДАН ЖОБАҒА

 Жасанды интеллект – білім беру үдерісін жаңғыртып, педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін заманауи құрал. Оны тиімді қолдану үшін технологияның мүмкіндіктерін танып қана қоймай, нақты білім беру міндеттерін шешуге бағытталған тәжірибе қалыптастыру маңызды.

 2026 жылғы 19–30 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының филиалында «Білім берудегі ЖИ модельдері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс барысында тыңдаушылар жасанды интеллект модельдерінің жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, оларды сабақ жоспарлау, оқу материалдарын әзірлеу, тапсырмалар құрастыру және білім алушылардың оқу қажеттіліктеріне бейімделген ресурстар дайындау бағыттарында қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

 Оқытудың маңызды кезеңдерінің бірі – қорытынды жобаларды әзірлеу және қорғау болды. Тыңдаушылар өз идеяларын нақты жобаларға айналдырып, жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тәжірибеде пайдалану жолдарын ұсынды. Жобалар арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетіп, жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу жөніндегі көзқарастарымен бөлісті.

 Курстың басты нәтижесі – педагогтердің жасанды интеллектіні саналы әрі мақсатты қолдану дағдыларын дамыту, цифрлық құзыреттілігін жетілдіру және білім беру тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған кәсіби әлеуетін арттыру.

Жаңа технологияны меңгеру – болашаққа жасалған қадам. Ал идеяны нақты жобаға айналдыру – педагогтің шығармашылығы мен кәсіби ізденісінің нәтижесі!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИДЕЯДАН ЖОБАҒА — Өрлеу