Өрлеу

«БІР КУРС – БІР КІТАП»: «ГАУҺАРТАС» – АДАМГЕРШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ АЙНАСЫ

«БІР КУРС – БІР КІТАП»: «ГАУҺАРТАС» – АДАМГЕРШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ АЙНАСЫ

«Бір курс – бір кітап» жобасы аясында «Робототехника және STEAM: оқытудың заманауи тәсілдері» курсының тыңдаушыларымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабековтің «Гауһартас» повесі бойынша әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.

Кездесу барысында педагогтер шығармадағы адамгершілік құндылықтар, отбасылық қарым-қатынас, мейірім мен сүйіспеншілік, әйел тағдыры және ұлттық тәрбие мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Курс тыңдаушылары Салтанат, Ыбыш және Қайыркен бейнелеріне талдау жасап, кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы адам бойындағы ізгілік, жауапкершілік, жанашырлық пен өзара түсіністіктің маңызын талқылады.

Шығарма қатысушыларды «Адамның қадірін дер кезінде бағалай аламыз ба?», «Мейірім мен жылы сөздің адам өміріндегі орны қандай?» деген маңызды сұрақтар төңірегінде ойлануға жетеледі.

«Бір курс – бір кітап» жобасы педагогтердің кітап оқу мәдениетін дамытуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және әдеби шығармалар арқылы кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар