Өрлеу

Институт ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

Институт ұжымы Президент Жолдауын тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында елімізді дамыту бағытындағы маңызды міндеттер жарияланды. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы бүгін Жолдауды тыңдап, алға қойылған міндеттермен танысты.

Жолдауда алдағы дамудың негізі – білім мен ғылым, қуатты экономика және озық технология екені атап өтілді. Осы мақсатта ұсынылған «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңа білім беру нысандарын салуға басымдық беріледі.

Президент ұстаз еңбегін жеңілдету, мұғалімдерді артық есептілік пен әкімшілік жүктемеден босату және педагог мәртебесін қорғау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар 237 мыңнан астам баланың инклюзивті білім алу қажеттілігіне тоқталып, инфрақұрылымды дамыту, маман тапшылығын азайту және ерте диагностиканы күшейту міндеті қойылды.

Білім саласының болашағы жасанды интеллект, цифрландыру және адам капиталының сапасын арттырумен байланыстырылды. Қоғам санасын жаңғырту, «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыру – жауапты ұрпақ тәрбиелеудің негізі ретінде айқындалды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар